Грузия Қазақстанға 25 жыл бұрынғы қарызын қайтаратын болды

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.12.2017, 16:30

Грузия Қазақстанға 25 жыл бұрынғы қарызын қайтаратын болды

Бүгін ҚР Парламент Сенатының депуттары Грузия мемлекетінің Қазақстан алдындағы берешегін қайтадан қайта құрылымдау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеп отыр. 

Грузия елімізден 25 жыл бұрын көп көлемде несие алып, оны банктер арқылы рәсімдеген. Ал оның жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызды құрапты. Олар осы уақыт аралығында берешектерін қайтармай ұзартып келген.

«Грузия Үкiметiнiң Қазақстан алдындағы борышы 27 млн 774 мың АҚШ долларын құрайды. Ол 1992-1993 жылдары екі елдің ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды және мемлекеттік несие ретінде қайта рәсімделді. Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес, Грузия тарапы Қазақстан алдындағы берешегін тиісті шарттар бойынша өтейді», –  деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. 

Екі жақты келісім бойынша Грузия тарапы бұл соманы 37 млн 997 мың 815 АҚШ доллары етіп 2025 жылға дейін қайтаруы тиіс. 

Парламент Сенатының жалпы отырысында халық қалаулылары Қаржы министрінен өзге елдердің қарыздары туралы да сұраған болатын. Алайда, министр қазіргі таңда Грузиядан басқа мемлекеттер несиелерін өтеп тастағанын айтты.

«Бүгінде осындай деңгейде екі елдің арасында толық есеп жасалып, келісімшартқа қол қойылған мұндай борыштар жоқ. Бұдан бұрын Әзербайжан мен Тәжікстан бізге осылай қарыз болған еді, бірақ олар өздерінің берешегін толық төлеп бітті. Сондықтан бүгін қаралып жатқан соңғы келісімшарт. Грузия тарапынан тиісті төлемдер келіп жатыр. Алдағы жылға да ешқандай қиыншылықты көріп тұрғанымыз жоқ. Әріптестеріміз келісім бойынша толық өзінің міндеттемелерін орындауға уәде беріп отыр», – деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов. 

Отырыс соңында палата депутаттары заң жобасын қабылдады.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика