Алматы қаласының 2018 жылғы бюджеті бекітілді

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.12.2017, 20:46

Алматы қаласының 2018 жылғы бюджеті бекітілді

Алматыда VI - шақырылымдағы қалалық мәслихаттың XXV-ші сессиясы барысында қаланың 2018 жылғы бюджеті 431,2 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Оны жасау кезінде барынша көп әлеуметтік- экономикалық тиімділік әкелетін экономикалық шешімдер назарға алынды. Бюджетке «нөлден» сараптама жасалған соң қаланың басты қаржы құжаты әкімшілік бағыт бойынша емес, «Алматы -2020» даму бағдарламасының басты қағидалары мен қалалықтардың әлеуметтік қажеттіліктері негізінде құрылды.

Келер жылы «нөмірі бірінші бағыт» ретінде көгалдандыруға, жасылдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше мән беріледі, яғни қаланы дамытуға бюджеттің үштен бірі жұмсалады.

Сонымен қатар, қаланың тарихи орталығын қайта жасау жұмыстары одан әрі жалғасады, Төле би көшесі - Достық даңғылы- Абай даңғылы- Есентай өзенінің жағалауы енген 178 га жер жаңарады. Келер жылы 17 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, халықаралық стандарт бойынша жасалып жатқан Республика алаңын реконструкциялау аяқталады. Қаладағы саябақтарды, скверлерді және жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылдың бюджетінен өткен жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп қаржы жұмсалады.

Алматыда 2018 жылы 500 ауланы жөндеу қарастырылған. Осылайша, абаттандырылған аулалар саны 33%-ға жетеді. Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жыл ішінде 732 аула алаңдары жөнделді, қайта жасалды, яғни әрбір бесінші аула.

Арық жүйелерін жөндеуге 3,3 есе көп қаржы бөлінеді.Егер биыл 28 км арық жүйесі жөнделсе, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 3 есе көп, Табиғи ресурстар басқармасының ақпараты бойынша келер жылы тағы да 74 км арық жүйесін жөндеу жоспарланған. Жалпы, арықтар мен жауын канализациясын жөндеу жұмыстары кешенді жүргізіліп, арық жүйесін дамытудың 10 жылдық жоспары жасалады.

Қоғамдық көлік пен көлік инфрақұырылымын дамыту да жалғасады. Бұл екі бағытқа басымдық беріледі, барлық шығынның бестен бір бөлігі жұмсалады. Биылғы жылы қаланың автобус паркі 30%-ға жаңарды, 180 км-дан астам жол жөнделді.

Келер жылы жоғары сапалы қызмет көрсететін жаңа автобустарға субсидия бөлінеді. 600 мыңнан астам қалалықтарды жеңілдетілген кесте бойынша тасымалдау жалғасады.

Метроның «Достык»,«Сарыарқа» бекеттерінің құрылысы одан әрі жалғасады, олар іске қосылғанда жолаушы легі 1,5 есеге артып, жылына 18 млн. жолаушы тасымалданады. Келер жылы инвесторды анытқау бойынша конкурс өтеді, сонымен қатар ЖРК жобасының аясында жұмыстар қолға алынады.

Бұлардан өзге, қалада сыйымдылығы жоғары автобустарда жолаушыларды экспресс-тасымалдау қайта жаңғырады. Биылғы жылы BRT-нның алғашқы кезегінің 2,7 км желісі жасалды, 2018 жылы екінші кезегінің ЖСҚ жасалады.

Сел қаупінен қорғану үшін 2018 жылы моренді көлдерге мониторинг жүргізудің цифрлы жүйесі қолға алынады. Қазіргі кезде олар тік ұшақ арқылы бақылауға алынған. Айта кетерлігі, биыл Алматыда қымбат насосты станцияларды алудың арқасында ең қауіпті 9 моренді көлдің сулары тартылды.

Қала қауіпсіздігін сақтаудың басты міндеті әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қуатын күшейту болып табылады. Осыған орай, әлеуметтік нысандарды сейсмикалық күшейтудің 2025 жылға дейінгі кезеңді жоспары жасалды.

Мысалы, биылғы жылы 6 бала бақша, 20 мектеп, 1 балалар үйі сейсмикалық күшейтілді, денсаулық сақтау саласының 8 нысанын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып қалды. 7 мыңнан астам нысан, соның ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар сеймикалық жағынан паспортталды.

2018 жылы әлеуметтік салаға барлық шығындардың тең жартысы жұмсалады.

Денсаулық сақтау саласында дәрімен және вакцинамен қамту, медициналық жабдықтар алу, кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, медициналық мекемелерді дұрыс жағдайда ұстау қарастырылған. Алатау ауданындағы жедел жәрдем станциясы жанына қосалқы нысан салу жоспарланған, осы саланың 6 нысанын сейсмикалық күшейтудің ЖСҚ жасау және 6 бьекті салу аяқталып қалды.

Жалпы, 2 жыл ішінде медицина ұйымдарын жабдықтау 75%-ға жетті, бұл жұмыс сапасын арттырып, дұрыс диагонз қоюға, сырқат түрін ерте анықтауға ықпал етті.

Әлеуметтік қорғауға 8,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 20 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы беріледі, 9 мекеме мен мүгедектерге қаржылай көмек көрсетіледі.

Бұлардан өзге, 2018 жылы мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, оқулықтар алуға, мұғалімдер мен тәрбиешілерге жалақы төлеуге қаржы қарастырылған. 8 бала бақша салу жоспарланған, 2 мектеп жанындағы қосалқы нысан құрылысы аяқталады, педагогикалық колледж жанынан қосалқы нысан пайда болады, №46 мектеп сейсмикалық күшейтіледі.

Жалпы, Алматының бүгінгі әлеуметтік- экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетуде. Мысалы, қаланың экономикалық даму қарқынының өсуі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 4%-ды, ал 11 ай ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция 15,7%-ды құрады.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика