Ақпараттар ағыны - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Ақпараттар ағыны

Астанадағы Нұржол саяжолында ақылы автотұрақ пайда болады. Көлік қоятын орынның тарифы бір сағатқа 100 теңге, ал мүгедектерге тегін болады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Күні кеше Германия астанасы Берлинде гейлер мен лесбилерге арналған мешіттің ашылғаны туралы ақпарат жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Шіркеу ішінен ашылған мешітте ешкімге ешқандай шектеу қойылмайды: әйелдер мен ерлер бір сапта тұрып намаз оқуға, әйелдердің орамалсыз келуіне рұқсат етілген. Тіпті гомосексуалдар да келіп құдайға құлшылық ете береді.

Тәжікстанда 40 жасқа толмаған бірнеше азамат қажылық сапармен Сауд Арабиясына баратындардың тізіміне енбей қалды. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, қажылыққа қырыққа толғандар ғана бара алады. Умра немесе кіші қажылық жасауға жас шектеуі қойылмайды деп жазады centralasian.org.

Алдын ала болжам бойынша, Астана күні қарсаңында, яғни, 1 шілдеде Нұржол саяжолы мен Есіл өзенінің жағалауындағы сатушыларға арналған бірыңғай киім үлгісін енгізу жоспарлануда.

Ыстық көл жағалауында орналасқан жанар жағармай бекеттерінің бірінде жарылыс болып, екі адам ажал құшты. Тағы 8 адам күйік жарақаттарымен ауруханаға түскен деп жазады РИА Новости Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Түркіменстанда 1029 жазасын өтеуші бостандыққа шықты. Ресми ақпарат бойынша, рақымшылық мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына орай жарияланған деп жазады centralasian.org.

АҚШ-та Түркия билігінен жасырынып жүрген "діндар" Фетхулла Гүленнің Германиядағы шәкірттері "либералды" мешіт ашты деп жазады "Новая эпоха". Гете мен Ибн Рушда атындағы құлшылық орталығы Берлинде орналасқан. Мұнда бір мезгілде әйелдер мен еркектер, гейлер мен лесбилер бір сап түзеп, намазын оқи береді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда имамдардың және діни қызмет өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді деп жазады centralasian.org.

Астаналық жұмыскерлер артық су қоры мен күннен қорғайтын қалпақ дайындап, төзімділік танытуларына тура келеді. Елордада бір жарым жұма бойы аспап ыстық болады, - деп хабарлады Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Португалияда орман өртінен 62 адам қайтыс болуына байланысты қаралы күн жарияланды. Табиғи апат елдің орталық аймақтарын шарпыған деп жазады RT.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші