Ақпараттар ағыны - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Ақпараттар ағыны

Британдық «Таймс» журналы тәжік арнайы жасағының бұрынғы командирі Гулмурод Халимов Ирактың Мосул қаласында өлтірілгенін хабарлады. Басылымның 15 сәуірдегі санында Халимовтың «Ислам мемлекетінің» әскери министрі болғаны, өткен аптада Мосулдың батысында әуе соққысы нәтижесінде өлтірілгені туралы жазылды.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған бүгін референдумда жеңіп шыққаннан кейін тағы бір өзгерісті қолға алатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы заңға өлім жазасын енгізбек ниетте деп жазады Reuters.

Түркияда кеше өткен референдумда конституцияны өзгертуді қолдаушылар жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Сади Гювен ресми мәлімдеді деп жазады ТАСС.

Астанада жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Жаңбыр салдарынан кейбір көшелер мен үйлерді су басу қауіпі туындап отыр. Елорда тұрғындары үйлердің аумағына су жайылған жағдайда аудан әкімдіктерінде жұмыс істейтін диспетчерлік қызметтерге хабарласа алады.

Алеппо қаласында орын алған лаңкестік салдарынан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген ауылында 8 жасар қыз зорланды деп жазады Informburo.kz. Оқиға 14 сәуір күні кешке орын алған.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат күйеуге шықты. Бұл турады бойжеткеннің өзі Tatler журналына берген сұхбатында айтқан.

Ақмола облысының Жалтыркөл ауылында орналасқан N44813 әскери бөлімі тасқын су астында қалды деп жазады "Интерфакс-Қазақстан". ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты мекеменің казармасын, асханасын, жатақханасын, штабын, қонақ үйін және клубын су шайып кеткен.

АҚШ алғаш рет ең қуатты ядролық емес бомбасын әскери мақсатта пайдаланды деп хабарлайды РИА Новости. Пентагонның негізгі мақсаты — Ауғанстандағы "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының базаларын жою болған.

Еуропаның 13 елінде А гепатитін жұқтырғандар саны артып келеді. Ауырғандардың басым көпшілігі гомосексуал жігіттер деп жазады РИА Новости.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші