$ 445.66  474.58  4.78

Алматыда 7 баламен далада қалған "Батыр анаға" көмек көрсетілуде

Далада баспанасыз қалған 7 баланың анасы Шынар Сәрсенбаева туралы ақпаратты кешегі апта отандық телеарналар таратқан болатын. Арада бір жұма өтпей жомарт жандар "Батыр анаға" қол ұшын беріп, материалдық көмек беруде. Бала-шағаның көз жасына бей-жай қарай алмаған жандар 2 жарым миллион теңге жинап беріп, пәтер жалдап берген. Тіпті, басыбайлы жаңа үй салып берудің қамына кіріскен Атымтай-Жомарттар бар деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бұл отбасының қиын жағдайы қайырымды жандарды елең еткізбей қоймады. Көшеде ас ішіп, шөп арасында түнеген шиеттей бала-шағаны көргендар қолдан келер көмегін арқалап осында ағылыпты. Ішіп-жем, кіим-кешек, тіпті 3 айға пәтер де жалдап берген.

Тіпті, қайырымды жандардың бірі бұл отбасыға басыбайлы үй салып беруге кіріскелі отыр. Ал оған дейін жалдамалы болса да 7 баланың жатар орны, ішер асы бар. Бір күнде бұлай өмірлерінің өзгеретінін ойламаған отбасынының алғыстан басқа айтары жоқ.

Қазірдің өзінде қайырымды жандар 2 жарым миллион теңге жинап берген. Дегенмен, қаржылай көмек берерде сақ болған жөн. Өйткені, Шынар Сәрсенбаеваның атын пайдаланып, ақша тапқысы келген алаяқтар да шығыпты. Сондықтан, қол ұшын бермес бұрын, батыр ананың өзімен алдын ала хабарласып алған абзал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары