Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


06.06.2017, 16:03

«Оңаймен» жүру оңай немесе Алматыда жол ақысы кімдер үшін қымбаттайды?

Биыл Алматыда жол жүру ақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы ықтимал. Бірақ, бұл қымбатшылық «Оңай» жол жүру картасы бар жолаушыларға қатысы жоқ. Жол жүру ақысын қолма-қол төлеп үйреніп қалғандар ғана жаңа тарифпен есеп айырысады деп күтілуде. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлі­гі және автомобиль жолдары басқар­ма­сының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді.

Айта кетейік, жақында бұқаралық ақпарат құрал­дары арқылы мегаполистегі жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларының жолақы құнын 149 теңгеге көтеру керектігін айтып (қазіргі бағасы – 80 теңге) өз есептеулерін ұсын­ғаны туралы хабар тараған еді. Жолақы құнының қайта қаралуын талап етіп отырған жолаушы тасыма­лына жауапты мекеме өкілдерінің  уәждеріне сенсек, бүгінде қосалқы бөл­шектердің құны өсіп, жанармай бағасы да біршама көтерілген. Жолау­шы тасыма­лының тиімділігі төмендеуіне байланысты қазір автобус­тарды жөндеу мен қосалқы бөлшектерді алу да азайтылыпты. Бұл өз кезегінде қоғам­дық көліктің қауіпсіздігі мен жұмыс сапасына кері әсер етері анық. Оның үстіне  жұмысшыларға жалақыны өсіру­ге мүмкіндік болмай отырған көрінеді. Бұл – бір.

Екіншіден, Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру үшін сараланған тарифтің енгізілуі мүмкін деген әңгіменің тарағанына да біраз уақыт болды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бас­қармасының бас­шысы Мақсұт Исахов­тың айтуынша, маусым айында өтетін мәслихат сессия­сы­ның кезекті отыры­сында аталған басқарма жол жүру құны­на сараланған тарифті енгізу туралы ұсыныс тастамақ екен. Бұл ретте «Оңай» картасы бар азаматтарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. Олар үшін жол ақысы сол баяғыша 80 теңге болып қала бер­мек. Ал қолма-қол ақша төлейтіндер үшін билет құны 150 теңгеге дейін өсетіні көзделген.  Бұл – тұрғын­дардың «Оңай» картасын көптеп қол­дануына да өз септігін тигізбек.

– Жаңа тарифтің нақ қашан енгізі­летіні әзірге белгісіз. Ол үшін құжат толық мақұлданып, өзгертулер мен толықтыру­ларды жергілікті мәслихат бекіткен соң белгілі болады, – дейді Жолаушылар көлі­гі және автомобиль жолдары басқар­ма­сының басшысы Мақсұт Исахов.

Әлбетте, жолақы құнын қайта қа­рауда кәсіпорындардың ұсынған баға­сының әрбір теңгесі нақты есепке не­гізделіп,  шикі шешім қабылдан­баға­ны абзал.  Өйткені, бағаның көтерілуі қара­пайым халықтың қалтасына салмақ түсіретіні анық. Сондықтан бұл мәсе­ленің әлеу­меттік жағын да ұмытпаған жөн.

Айта кетейік, «Оңай» жол жүру карталары 2016 жылдан бастап іске қосылған болатын. Алғашқыда бұл жүйенің төңірегінде дау-дамай көп болғанымен, қазіргі таңда алматылықтар мен қала қонақтары аталған картаға үйренісіп кетті. «Оңаймен» тек қоғамдық көліктерде ғана жүрмей, Медеу мен Шымбұлақ демалыс аймақтарына да кіруге мүмкіндік бар.

Бұл жүйе ең алдымен жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың ашық жұмыс істеуіне жол ашып отыр. «Оңай» картасы енгізілгенге дейін автобустар мен маршруттық таксилердің қанша табыс табатыны белгісіз болатын. Яғни, салықты да олар қазынаға толық төлемей келген. Ал, жаңа жүйе енгізілгелі бері салық ретінде түскен қаржы әлденеше есеге артып отыр. Жүйенің ұтымды екенін қала әкімі Бауыржан Байбек те, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та мәлімдеді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.