$ 448.15  483.46  4.86

Астаналық полицейлер түнгі уақытта ата-анасыз жүрген 200 баланы анықтады

Жаздың бірінші айында 200-ден астам бала түнде далада жүрген және оларды кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс инспекторлары Ішкі істер органдарына жеткізген, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне Астананың ІІД ЖПҚ ювеналды полициясы бөлімінің басшысы Самал Ахмет.

Бұл балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

 - Түнгі рейдтер жүргізу кезінде сауық орындары - компьютерлік, ойын клубтары, кафелер, мейрамханалар да назардан тыс қалмайды. Осы орындарда маусым айында 20 кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарының бақылауынсыз жүрген, - дейді С.Ахмет.

Сауықтыру орындарында болған бозбалалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынды. Оның көлемі 3 АЕК құрады, яғни 6,8 мың теңге. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары