$ 449.58  486.94  4.86

Астаналық кәсіпкер мұқтаж жандарға нанды тегін таратуда (ВИДЕО)

Астанадағы «5 минут» супермаркеттер желісінің екі дүкенінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға нан тегін беріліп жатыр. Бөлке нанды тегін алушылардың басым бөлігі мұқтаж жандар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Есенберлин көшесі 2 үй және Жеңіс даңғылы 55 үй мекен-жайында орналасқан дүкендерде бөлке нан күн сайын сағат 8.30-дан бастап беріледі. Дүкен кассаларының жанына нанға толы арнайы сөре қойылған. Маңдайшасында мұқтаж жандарға тегін берілетіні жазылған.

- Бұл ешқандай да маркетингтік немесе жарнамалық сипаттағы шара емес. Бұл серіктесіміз бен менің компаниямның бастамамыз бен мұқтаж жандарға берген көмегіміз. Бір дүкенде акцияны серіктесім, ал екінші дүкендегі акцияны менің компаниям қаржыландырады. Күн сайын таңертеңгілік мұқтаж жандарға нанды тегін береміз. Шын мәнінде ол нанды көмекке мұқтаж жандар алып отыр, - деді кәсіпкер Алмас Ким.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл бастаманың қолға алынғанына бір жылдан асты. Нанды кез келген адам қалағанша ала алады.

- Егер басқа да кәсіпкерлер осындай бастама көтеріп, мұқтаж жандарға көмек беремін десе, біз қолдау көрсетеміз. Нақты айтқанда дүкендерімізде аталмыш сипаттағы акцияларды ұйымдастыруға дайынбыз-, - деді кәсіпкер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #видео