$ 448.15  483.46  4.86

Аш отырмыз, айлығым 15 мың теңге – көпбалалы жалғызбасты ана (ВИДЕО)

Шымкент қаласында көпбалалы жалғызбасты ана бала-шағасымен аш отырғанын айтып мұңын шақты. Жомарт азаматтар отбасымызға ел болып көмек қолын созса дейді Балзия Маусарова.

Көпбалалы ана балаларын тамақтандыру үшін кез кезген жұмысты істеуге дайын. 15 мың теңге айлығым шайлығыма да жетпейді деген ол пәтердің өзіне 25 мың теңге төлейтінін айтады.

«Азық-түлікке ақша жетпейді. Сол үшін балаларды тастап жұмыс істеймін. Алатын айлығым – 15 мың теңге. Ол да түкке жетпейді», – дейді Балзия Маусарова.

Балзияның үлкен баласы – 12 жаста, кішісі – 8 айлық. Ішерге ас таппай қалғанда ол дала кезіп, ел жұрттан ақша сұрайды екен. Себебі, қол жайып, көмек сұрар туысы да жоқ.

«Күйеуім ертеректе тастап кеткен. Кентауда нағашымның үйінде өскенмін өзім. Кішкентайымнан осындай қиындық көріп келемін», – деп көзіне жас алды көп балалы жалғызбасты ана.

Жағдайы төмен отбасыға көмек қолын созам деушілер tvk телеарнасына хабарласып, қол ұшын бере алады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары