$ 447.4  477.55  4.76

Үйлері суға кетті: Ақтөбеде саяжайдың ашулы тұрғындары жолды жауып тастады

Ақтөбенің Богословка тас жолына жақын саяжайды су басып жатыр. Жергілікті билік тиісті шара қолданбай жатыр деп ашуланған тұрғындар тас жолды жауып, көліктерді біраз уақытқа дейін өткізбей қойды.

Zello.aktobe инстаграм парақшасына жарияланған бұл бейнежазбадан тас жолға шыққан бірнеше әйелдің көліктерді өткізбей, жолды бөгеп тастағанын көруге болады.

«Ақтөбе қаласының әкімшілігі, мына адамдар Богословка тас жолына жақын жердегі саяжайда тұрады. Үйлері суға кетіп жатыр. Таңертеңнен бері сіздерге хабарласқан. Бірақ ешкім келмеген. Енді Богословка трассасын жауып жатыр. Мынау не деген сұмдық?», - деді видео авторы.

Өз кезегінде бұл мәселеге байланысты пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары тек саяжайды ғана емес, Ақтөбе қаласын да су алып жатқанын жазуда. Көбі жергілікті әкімшілікті шарасыз отыр деп айыптап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары