$ 449.58  486.94  4.86

Астана түбіндегі Қосшы ауылына қала мәртебесі берілуі мүмкін

Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылына қала мәртебесі берілсін. Жергілікті тұрғындар өңір басшысы Мәлік Мұрзалинмен кездесу барысында осындай ұсыныс айтты.

Қосшылықтардың айтуынша, ауылға қала мәртебесін беру арқылы мұндағы мектеп пен аурухана мәселесін шешуге болады екен. Дегенмен, облыс әкімі болса мұның оңай шаруа емес екенін айтып отыр. Кедергілері өз алдына, мұғалімдер қазір ауылдық мектепте жұмыс істегендіктен олар 25 пайыз үстеме алып келеді. Егер Қосшы қалаға айналса педагогтар бұл ақыдан қағылады дейді Мұрзалин.

Айта кетейік, Қосшы ауылының тұрғындарының көбі Астанаға қатынап жұмыс істейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары