$ 445.66  474.58  4.78

«Азық-түліктерді дәретхана бөлмесінде сақтайды»: Атыраулық әйел балабақшаның былығын ашты

Атыраудағы балабақшалардың бірінде балаларға беретін азық-түлік пен ыдыс-аяқты дәретханада сақтайтын көрінеді. Бұл туралы жергілікті тұрғындардың бірі мәлімдеді. Ол аталған жайтты суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Бұл жағдайды суретке түсіріп алған автордың айтуынша, «Зейнеп-Амина және балапандар» балабақшасында ыдыс-аяқтарды дәретхана табағының қасына қояды екен. Ол ғана емес, азық-түліктерді де сонда сақтайтын көрінеді.
«Мынау "Зейнеп-Амина балабақшасының әжетхана бөлмесі. Менің жиенім осы балабақшаға барады. Өздеріңіз көріп отырғандай, ыдыстарды унитаздың жанында жуады екен. Азық-түліктерді де сол бөлмеде сақтайды. Бұл жәйттен балабақшаға балаларын апарып жүрген ата-аналар хабарларыңыз бар ма?» - деп жазады автор.
Бірақ бұл жазбаны көрген басқа ата-аналар «Зейнеп-Амина және балапандар» балабақшасының таза, әрі жақсы екенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары