$ 447.4  477.55  4.76

3 баласымен жалғыз қалған мүгедек әке жұрттан жәрдем сұрады

Жамбыл облысында арбаға таңылып, үш баласы өзінде қалған әке жәрдем сұрайды. Жарым денесі жансыз қалған азаматты жары да тастап кеткен деп хабарлайды 31 арна.

Сағынайдың осыдан үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жұлынына зақым келген. Өз бетінше жүріп-тұра алмайтын азамат шиеттей балаларын көзі-тірісінде аяққа тұрғызғысы келеді.

"Мен осы отырғанымнан, ауырғанымнан қиналам. Бала-шағамның жанында болып, аяққа тұрып осыларды жеткізсем деймін. Алайда соны орындай алмаймын ба деп қорқам", – дейді Мыңқазан ауылының тұрғыны Сағынай Асилов.

Өзгенің көмегінсіз жүріп тұра алмайтын жігіт ағасының қолында үш бала бар. Бойда қуат болғанмен, дәрмені жоқ азамат отбасын қайта қолына алғысы, аяққа тұрғысы келеді. Бірақ жалғыз жәрдемақыны балалардың дәм-суынан жырып, ем алуға мүмкіндік жоқ.

«Балаларым үй жайлы болса екен. Үйін бітіріп, отбасымен бірге тұрса екен деп тілеймін», – дейді анасы Базаргүл Асилова.

Кемтар жарын өткен жылы келіншегі тастап кетіпті. Бұрын имам болған Сағынай жағдайына жасымайды. Дәрігерлер Астанаға барып ем алса аяққа тұруына мүмкіндік мол депті.

Сондықтан қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардың табыларына үміт зор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары