$ 444.32  473.33  4.76

Назарбаев Алматыға қоныс аударған жұртқа жер беруді тапсырды

Алматыға Президент Назарбаев келіп, шаһар шаруашылығын тексеріп қайтты. Осы сапарында Мемлекет басшысы Алматыдағы урбанизация мәселесіне тоқталды. Жыл сайын Алматыға қоныс аударатын жұрттың қарасы көбейіп келе жатқанын айтып, ондай жұртқа қала басшылығы жағдай жасауы керектігін қадап айтты. Қала басшылығына Алматыға қоныс аударған азаматтарға жер беруді тапсырды. Елбасы қала тұрғындарының саны ұдайы өсетіндіктен аудандарды көркейтуге күш салу керектігін айтты.

– Біз қаласақ та, қаламасақ та Алматыға келіп-кететіндер көп болады. Мұндай халық нөпірінің  жүріп-тұруына жағдай жасалуы қажет. Қаланың ішінде жер жоқ. Мұнда көшіп келетіндерге үй салуы үшін мүмкіншілік жасау керек. Қаланың бас жоспарынжасағанда көлік, көше, жолаушылар жолағына дейін қарастыруды ұмытпаған жөн, – деді  Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен, қала әкімі Бауыржан Байбек ала жаздай әлектеніп жүріп әрін кіргізген көшелерді көрсетті. Жасаған жұмысының есеп-қисабын түгендеп Президентке есеп берді.

Қазақстан  Президенті Алматы қаласына  жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер  үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын аралап көрді.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс  жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық  режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.

Бұл көшелерге биыл реконструкция жасалды. Жаяу және веложүргіншілерге қолайлы етіп жасалды. Инфрақұрылым өзгерді. Қаланың архитектуралық ауыс-түйісі жасалды. Көшелерді жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жолжелісімен танысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары