$ 448.15  483.46  4.86

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі «Казлегпром - Алматы» ЖШС аумағында өткізілді

Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің аппараты бастамасымен Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығымен бірге «Казлегпром - Алматы» аяқ-киім фабрикасының аумағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 130 бос жұмыс орны ұсынылды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «Технодом-оператор» АҚ, «Sulpak» ЖШС, «Шағын сауда желісі», «Обис» ЖШС, «Казжол» қонақ үйі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сияқты ірі компаниялар қатысты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу болып табылады.

Жәрмеңке барысында «Казлегпром Алматы» ЖШС аумағындағы оқу орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге 300-ден аса бос орын ұсынған, 20-дан артық жұмыс беруші қатысты.

Бос орын жәрмеңкесінде сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту мәселелері, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша халыққа кеңес беру ұйымдастырылады.

Іс-шара шеңберінде жұмыссыз азаматтарға «жастар практикасы», «әлеуметтік жұмыс орындары», «қоғамдық жұмыстар», «кәсіби бағдар беру», «атаулы әлеуметтік көмек» салаларында жұмысқа орналасу туралы ақпараттарымен буклеттерді тарату ұйымдастырылды.

Жұмыс берушілер жұмыссыз азаматтармен кездесуге мүмкіндік алды, ал жұмыссыздар жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесіп, мүдделі бос орындармен танысты, еңбек нарығында жұмыс іздеушілерге қойылатын заманауи талаптар туралы білді.

Бос орындар жәрмеңкесіне шамамен 300-дей жұмыс беруші қатысты. Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 250 адам кеңестер алып, жұмысқа орналасуға 25 жолдама берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары