$ 448.89  477.93  4.76

Медеу ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашылды

Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың қатысуымен Шымбұлақ көшесі, 12 үй мекен-жайында «Микоша» жекеменшік балабақшасының салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаның жобалық қуаты – 40 орын, инвестиция салымы 7 млн. теңге, сондай-ақ, жаңа құрылған жұмыс оры – 10.

Балабақшаның ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімінің аппаратының өкілдері, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты - Медеу ауданының аумағында мемлекеттік емес меншіктегі жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы.

Қазіргі уақытта ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 2-ден 7 жасқа дейінгі 47 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 29 шағын орталықтар соның ішінде, 7071 бала тәрбие алып жатыр.

Есеп бойынша «Микоша» балабақшасы 40 балаға есептеліп ашылған 10-шы балабақша. Аталған бақша аралас қазақ тілі мен орыс тілдерінде білім береді. Қосымша ағылшын тілінен балаларға дәріс беріледі және «Дзюдо» бойынша спорттық үйірме жұмыс істейді, сонымен қатар ата-аналар хореограф пен логопедтің қызметіне жүгіне алады.

2018 жылдың аяғына дейін жеке инвесторлар есебінен тағы 10 балабақшаның ашылуы жостпарланып отыр.

Кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстарда ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жекеменшік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр. Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қостық, бірақ та ол озық әлемдік  практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді», – деп пікір білдірген. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді байланысты нығайту мәселелері Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында да кеңінен айтылып келеді.

Айта  кетейік, ҚР Үкіметі 2011 жылғы 29 маусымда 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке әртіптестікті дамыту жөніндегі бағдарлама, сонымен қатар 2015 жылы 31 қазанда Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заң қабылданды. Аталған заңның 3-бабында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің міндеттері анық көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары