Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.01.2019, 16:31

Қызылордада дәретхана айналасында тұратын тұрғындар жанайқайын жеткізді

Қызылордада бірнеше көпқабатты үй тұрғындары дәретханалардың арасында күн кешіп жатыр. Кәріз жүйесі болмағандықтан тұрғындар әр отбасына даладан әжетхана салуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.

Әжетхана тұрғызып, әбігерге түскен халық басқа баратын жерлері жоқ екенін, ал әкімдіктен еш көмек болмай жатқанын айтады.

Олардың сөзінше, қаз-қатар тізілген дәретханалар арасында тұрмақ түгілі аяқ басып жүрудің өзі жиіркенішті.

«Балалар алаңда айналып ойнайды. Терезеден шығып, «Кет, дәретханаға түсіп кетесің» деп жатамыз», - дейді Күлжаһан Нұрсейітова.

Балалар алаңқайының орнына тұрғызылған әжетханалардан шығатын иіс тұрғындарды әбден шаршатқан.

«Жаздың күн далада жүру мүмкін емес. Бір терезмізді ашып, ауа жұта алмаймыз, тек қана сасық иіс жұтамыз. Әкімдер де келіп жатыр, бірақ ешқандай нәтиже көріп жатқан жоқпыз», - деді Әмина Құрманбаева.

Ал әкімдіктің ісі әлі күнге дейін тек кездесумен шектеліп жүр екен.

«Біз әлі де кездесу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мүмкіндігінше жөндеуге жарамды үйлерді жөндеуден өткізіп, қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеудеміз», - дейді Қызылорда қалалық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Елдос Сомтеміров.

Шенеунік кәріз жүйесін қалыпқа келтіріп, талапқа сай әжетхана мәселесін қашан шешілетінін дөп басып айта алмады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.