$ 448.15  483.46  4.86

Роза Әлқожа бір кездері 2 айлық қызын тастап, жұмысқа шыққанын айтты

Астанада өрттен қаза тапқан бір үйдің 5 бірдей қызының өлімінен кейін Роза Әлқожа өз басынан өткенін еске алды. Өнер иесі де бір кездері 2 айлық қызын тастап, жұмысқа шыққанын айтты. 

2004 жылы әнші отбасымен шағын үй жалдап тұрыпты. Ол кезде 2 баланы асырап отырған ана көмір жағып, күл шығарып күн көрген. 

«Ешқандай жағдай жоқ. Тас жолға дейін бір шақырым жол жүреміз. Өзім «Ақ жол Қазақстанның» журналисімін. Не үшін жаңа босанған екі айлық қызымды үйге тастап, қайта жұмысқа шықтым? Неге мен бір жарым жасар ұлыма тамақ жасап беріп, екі айлық бөпемді еміреніп, емізіп отырмадым?», - деген ол Астанадағы қайғылы жағдайды есіне алды.  

Бір түн ішінде 5 сәбиінен айрылған Жанымкүлді ойлап, жүрегі ауырғанын жазды. 

«Өйткені бір кездері мені де үйде отырғызбаған баспананың, жағдайдың жоқтығы болатын. Егер сенің дайын үйің болса, күйеуіңнің айлығы бәріне жетіп тұрса, аяз бен ыстықта жұмысқа барып не керек?», - деп Instagram парақшасына жазба қалдырған ол үкімет ана мен баланың жағдайын жасауы керек деп сөзін түйіндеді. 

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары