Астана әкімдігі мұқтаж жандарға көмірді өзі сатып әпереді

11.09.2017, 09:53

Астана әкімдігі мұқтаж жандарға көмірді өзі сатып әпереді

Өткен екі жылыту маусымында қала билігі өтініш берген 1262 адамға көмек көрсетті, атап айтқанда 21,33 млн теңгеге көмір сатып алынды, деп xабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Зейнеткерлерге, әлеуметтік әлжуаз санатындағы отбасыларға көмір сатып алуға көмектеседі. Биыл құжаттар 15 қазаннан бастап қабылдана бастайды. Әлеуметтік көмек жеке секторда тұратын жас бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі. Көмек жоғарыда көрсетілген санаттағы кірісі 73 мыңнан аспайтын адамдарға беріледі.

"Мәселен, айына 200 мың табатын отбасы мүшесі үйіндегі жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне бөледі, сол кезде қаражат 73 мыңнан аспаса, көмек алуға өтініш жаза алады. Әрине бұл жоғары көрсетілген санаттағы адамдар үшін,- деді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Бибінұр Ахмадиева.

Аталмыш басқармадан xабарланғандай, жылыту маусымына өтемақы 8 АЕК мөлшерінде іске асырылады. Жылыту маусымы - қазан-сәуір айлары. Егерде бір үйде көмек ала алатын бірнеше адам тұрса, өтемақыны тек біреуі ғана ала алады.

"Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш берушіге Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына келу керек. Құжаттар ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап Достық 13 көшесі мекенжайы бойынша қабылданады. Келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, отбасы құрамы туралы мәліметтер, кіріс туралы мәліметтер, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі-зейнеткерлер үшін, мүгедектік туралы анықтама-мүгедектер үшін, жылжымайтын мүліктің бар екендігі немесе жоқтығы туралы анықтама. Құжаттардың түпнұсқасы керек, көшірмесі де болу керек,- деді Бибінұр Ахмадиева.

Сол жерде қажетті өтініштер толтырылады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші