Ананың айналайыны жанға дәру немесе игі тілек тілеудің пайдасы - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.03.2015, 15:46

Ананың айналайыны жанға дәру немесе игі тілек тілеудің пайдасы

Ананың айналайыны жанға дәру немесе игі тілек тілеудің пайдасы Сурет: facebook.com

"Сенің дертіңді аластаймын!"

Адам аузынан шыққан сөз тегін емес. Сөздің де киесі бар деген рас. Әр сөздің ерекше қалыбы бар. Сөзге иландырудың кешенді жүйенің негізгі бөлімі төрт тармақтан тұрады. Ол әр балаға пайдалы. Тіпті сап-сау, бақытты адам үшін де маңызды болуы мүмкін. 

Анасының дауысы баланың ішкі дауысына айналмақ. Егер анасы үнемі ашулана берсе, бала ол ойлаған нәрсені істемей, анасы қынжыла берсе, онда өсіп келе жатқан ұрпағынынң бойына сәтсіздік пен дерттерден тұратын бағдарлама жазылып қалады. Кері істеу керек: егер ана даусы үнемі мақтап, баласының әр ісін мақұлдап тұрса, оны бақытты, сау өмірге бағыттайды, сонда ғана барлық психоэмоционалды үдерістер қалыпқа түседі. 

1-тармақ
Ана махаббатының дәрумені

Мына сөздермен анасы баласына деген сүйіспеншілігін сезіндіреді:
"Мен сені қатты-қатты жақсы көрем. Сен менің өмірімдегі ең қымбатым, ең асылымсың. Менің барым да, нарым да сенсің, құлыным. Менің жанымның бөлшегі, өмірімнің жалғасысың. Мен сенсіз өмір сүре алмаймын. Әкең екеуміз сені қатты жақсы көреміз."

2-тармақ
Саулық үшін нұсқаулық

Жеңіл-желпі ауру-сырқау кезінде осы «ана-терапия» ешбір дәрісіз емдей алады:
«Сен мықтысың, әдемі баласың, жарығым менің. Сен тамақты тауысып жейсің, ертең тез-ақ өсіп кетесің, сенің жүрегің мықты, кеудең де, ішің де сау. Сен өте жеңіл әрі көркем қимылдайсың. Сен шыныққан баласың, сирек ауырасың».

3-тармақ
Жүйке жүйеге нұсқаулық, жүйке жүйесінің дұрыс дамуына лайықталған

"Сен салмақты баласың. Сенің жүйкең өте мықты. Сен төзімдісің, сен мейірімдісің, сен әңгімешіл баласың. Сен өте ақылдысың. Сенің ақылың тез дамып келеді. Сен айтылған сөзді жақсы түсінесің, тез жаттап аласың. Сен үнемі жайдары көңіл күйде жүресің. Сен күліп жүргенді жақсы көресің. Сен оңай әрі тез ұйықтап қаласың. Сен тек жақсы түстер көресің. Ұйықтағанда тынығып, ұйқың қанып тұрасың. Сенің сөйлеу қабілетің жылдам және оңай жетіліп келеді."

4-тармақ
Халық даналығына мойынсұнып...
 

Ежелден баласы ауырса, анасы оны құшағына алып, оны бойындағы ауруды өзінің ішкі қуатымен аластаған: 
"Дертіңді маған бер!"
"Мен сенің ауруың мен бар қиындығыңды алып, шығарып тастаймын. (Ары қарай анасы баласының ауруын айтады.) 
Сені шошытқан нәрселерді ұйқыңнан аластаймын, шығарып тастаймын. (Егер бала құс ұйқы болса). 
Сенің қорқынышты түстеріңді аластап, лақтырып тастаймын. 
Сенің жылауықтығыңды алып, лақтырып тастаймын. 
Сенің тамаққа деген жек көрушілігіңді өзіме алып, лақтырып тастаймын. 
Мен сені қатты-қатты жақсы көрем".

Егер бала қатты науқас болса, дәрігер оны емдеу үшін арнайы бағдарламаны жасап шығаруы керек. Аталған төрт тармаққа жеке емдік сөздер қосылуы керек. 
Бұл сөздерді күнделікті ұйықтап жатқан сәбилеріңізге қайталаудан шаршамаңыздар. Олар дені сау, ақылды, бақытты болып өседі. 

Уақыт пен орын
Бұл тәсілді бала ұйықтағанда қолданған пайдалы. Бала анасының не айтқанын жадына тоқып алады. 
Бала ұйықтап қалған соң жарты сағаттан кейін оның төсегінің жанына отырып, арнайы мәтінді қолға алып, оны балаға үш қайтара оқып беріңіз. Алғашқысын ішіңізден өзіңіз үшін, екінші рет балаңызды ойлап, үшінші рет дауыстап оқу керек. 

Күнделікті жасаған дұрыс. Бір-екі айдан кейін баланың ахуалынан өзгеріс байқайсыз. Дене қызуы, немесе аурудың басқа көрсеткіштері кері әсер болып саналмайды. Ал, егер анасы өзі ауырып тұрса, денсаулығы мәз емес екенін сезінсе, онда қоя қойғаны жөн. 

Кешенді бағдарламаның мысалы:
«Сен мықтысың, әдемі баласың, жарығым менің. Сен тамақты тауысып жейсің, ертең тез-ақ өсіп кетесің, сенің жүрегің мықты, кеудең де, ішің де сау. Сен өте жеңіл әрі көркем қимылдайсың. Сен шыныққан баласың, сирек ауырасың. Мен сені қатты жақсы көрем». 

Мұндай тәсілді қолданған сәттен бастап күнделік жүргізген пайдалы. Оны екі бөлікке бөліп, бір шетіне баланың науқасын, екінші шетіне барлық жақсылықтарды жазып отыру керек. Мысалы, жақсы тамақтана бастады, жиі күлетін болды, жаңа достар тапты... 

Бір қарағанға тосыннан ашылған жаңалық емес. Бірақ пайдасы мол. Бірқатар психотерапевтердің айтуынша, ересектердің бас ауруы, атап айтсақ, «күйзеліске бейімділігі» сол балалық шақтан «өсіп» шығады екен. Сол кезде жетпеген махаббат пен бөлінбеген назардың салдары. Анасына баласын көбірек қолына алып ұстағаны пайдалы. Еміреніп, ежірегенін сездіру керек. Ана сүтімен неғұрлым ұзақ емізгені абзал. Сонда бала өзін қауіпсіз сезінетін болады. Өскенде де. 

Доктор Драпкин тәсілі

аударған Шынар ӘБІЛДӘ

Пікір  

+ 0 Гульзина 12.08.2017 02:18
Керемет екен. Көп көп рахмет. Алла разы болсын
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші