Әйелім шаштаразы боламын деп ішкілікке салынды – жалғызбасты әке

23.11.2017, 15:46

Әйелім шаштаразы боламын деп ішкілікке салынды – жалғызбасты әке

Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының тумасы Кенжебек Аманжолов әйелінің Астанаға келіп, шаштаразы болып жұмысқа тұрғалы ішкілікке салынғанын айтады. Қазір екі баласымен жалғыз қалған әке «Хабар» телеарнасынан шығатын «Тікелей эфир» бағдарламасына мұңын шақты. 

Кенжебек жұбайымен 24 жасында әпкесі арқылы танысқан екен. Тігін цехында туысының қарамағында жұмыс істейтін қызға ол ата-анасының өтінішімен үйленіпті.

«Әке-шешем көзіміз тірісінде отбасын құр. Сенің қызығыңды көрейік деді. Сөздерін жерге тастай алмадым. Отбасын құрдым. Алғашында бәрі жақсы еді», – дейді жалғызбасты әке.

Отбасын құрып, болашағы үшін Астанаға жұмыс бабымен ауысқан Кенжебектің елордада екінші ұлы дүниеге келіпті. Ұзамай, үй де алдық деген әкей кезінде оқуға мүмкіндігі болмаған жұбайының шаштаразы курсына барайын деген өтінішін жерге қалдырмағанын айтады. 

«3 айлық шаштаразы оқуын оқыды. Кейін 1-2 жыл жұмыс істеп, өзгере бастады. Ішкілікке де әуестене бастады. Ашық-шашық киіне бастады. Түнгі уақытта өте кеш келетін болды. Кез келген ер адамға бұлар ауыр тиеді ғой. Әр күн қайталанатын болғасын ұрыс шықты», – дейді 2 баланың әкесі. 

Кейіпкер шаштаразда әр бейсенбі «Тазалық күні» болатынын айтады. Осы күні келіншегі үнемі ащы суға тойып келуді әдетке айналдырыпты. Тіпті, шыдамы таусылған отағасы бір күні түнгі 1-де жұмыс орнына балаларының анасын іздеп барған екен. Алайда, соңы үлкен жанжалға ұласып, ажырасып тыныпты. 

Кенжебек қазір Астанада екі ұлымен жалғыз өмір сүріп жатыр. Балалары мектепке қатынайды. Жұбайынан әбден көңілі қалған әке оны енді ешқашан кешірмеуге бел буған.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші