«Северный» Аймақтық филиалы Қостанай учаскесінің «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жұмысшылары басқа тасымалдаушыларда жұмыс істейтін болады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

«Северный» Аймақтық филиалы Қостанай учаскесінің «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жұмысшылары басқа тасымалдаушыларда жұмыс істейтін болады

09.12.2016 15:48
«Северный» Аймақтық филиалы Қостанай учаскесінің «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жұмысшылары басқа тасымалдаушыларда жұмыс істейтін болады

Қостанай қаласында министрлік өкілдерінің, Қостанай облысы әкімдігінің, Қостанай көлік прокуратурасы мен «Северный» Аймақтық филиалы Қостанай учаскесінің «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерінің кездесуі болды.

Кездесу барысында облысаралық әлеуметтік маңызды байланыс бойынша жолаушылар тасымалын айқындау жөніндегі министрлік өткізген байқау нәтижесі туралы түсіндірілді. Онда айтылғандай, № 43/44 «Қостанай – Алматы» бағыты бойынша тасымалдаушы болып «Турксиб Астана» ЖШС анықталған» (Бұрын тасымалдаушы «Пассажирские перевозки»АҚ қызмет көрсеткен болатын ).

Осыған байланысты, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл бағыт аталмыш тасымалдаушыға берілуі керек.

Байқау бойынша жеңімпаз атанған тасымалдаушы «Турксиб Астана» ЖШС министрлік алдында аталмыш бағытқа қызмет көрсетіп келген пойыз бригадасының барлық жұмысшыларын жұмысқа орналастыру міндеттемесін алды.

Жалпы, Қостанай учаскесіндегі 326 жұмысшының 309-ы «Турксиб Астана» ЖШС-не қабылданатын болады. 14 адам «Вагон-сервис» АҚ-ына ауысады, 3 адам «Пассажирские перевозки» АҚ-ы мен «Пригородные перевозки» АҚ-да қалады.

Кездесуде Қостанай учаскесіндегі  жұмысшыларды жұмысқа орналастыру жөніндегі өзекті мәселелер оң шешімін тапты.

Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау мен жалпы жұмысқа орналастыру үдерісі министрлік тарапынан бақыланатын болады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші