Шымкентте Тассай тұрғын алабының тұрпаты өзгерді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Шымкентте Тассай тұрғын алабының тұрпаты өзгерді

15.11.2016 15:12
Шымкентте Тассай тұрғын алабының тұрпаты өзгерді

Тәуелсіздік тойы қарсаңында Шымкенттегі Тассай тұрғын-алабының тұрпаты өзгеруде. Мұнда күні кеше жаңа мектеп ашылған болатын. Үш жүз орынға лайықталған жаңа білім беру нысанының салтанатты ашылуына Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов арнайы қатысып, балғындарды құттықтады.

Бұған дейін ауыл жастары іргесі 1991 жылы қаланған мына ескі мектепте оқып келді. Осы аймақтан сайланған депутаттар екі жыл бұрын жүгі ауыр міндетті мойнына алып, білім ордасын белгіленген мерзімде бітіруге атсалысты. Тассай тұрғын-алабының тұрпатын өзгерткен тәрбие ошағын оқушылар Тәуелсіздіктің тартуы деп біледі. Бүгінге дейін жаттығуға жаны құмар жастар үшін спорт зал таңсық еді. «Евро сервис» мекемесі құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бұл мәселені басты назарға алған. Еңбекке епті балалар үшін тігін және ағаш шеберханасы бар. Заман талабына сай компьютер және арнайы пәндік кабинеттер де болашақ ұрпақ игілігі үшін дейді мектеп директоры. Мәңгілік елдің мәуелі жемісі -саналы ұрпақ екені белгілі. 3 қабатты ғимаратты аралап көрген қалалық білім бөлімі мамандарының оқушыларға жасалынған жағдайға көңілі толды. Ал балалардың болашаққа деген сенімі артты.

БАЛЖАН ДҮРЕН - №91 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз өте қуаныштымыз. Тәуелсіздік тойы қарсаңында осындай зәулім ғимаратқа қол жеткіздік. Елді-мекен тұрпаты күн санап өзгеруде. Жаңа нысандар, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші