Тәуелсіздік мерейтойына орай 25 үйге қолдау көрсетілді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Вторник, 13 декабря 2016 15:55

Тәуелсіздік мерейтойына орай 25 үйге қолдау көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы 25 үйге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Аудан әкімдігі қолға алған акцияға аймақ кәсіпкерлері мен  жергілікті мәслихат депутаттары мұрындық болды.

Аталмыш акция Тәуелсіздік тойына орай ұйымдастырылды. Шара барысында аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға, жалғызілікті қарттар мен соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілді. Бірі азық-түлігін әперді, енді бірі коммуналдық шығындарын өтеп берді.

Қайырымдылық қазақтың қанында бар қасиет. Осылайша жергілікті жерден тұрмысын түзеген жандар, өзгелерге көмек қолын созып, ағайынға қуаныш сыйлады. Шараның шарапатын көргендердің бірі – Владимир Макшанов. Жергілікті кәсіпкер азаматтар жалғызбасты мүгедектің пәтерін жаңартып, жылыту жүйесін орталық жылу қазандығына қосып берді. Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында разы болған ардагерлердің алғыстан өзге айтары жоқ.

ВЛАДИМИР МАКШАНОВ – ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ:

- Бүгінгі бейбіт өмірді көріп отырған біздер бақыттымыз. Келешек ұрпақ үшін майданның даласында өткен күндер текке болған жоқ деп білеміз. Тәуелсіз Қазақстанды отаным деп білем. Алғысым шексіз.

Айта кетейік, облыс аумағында «25 жұлдызды күн» акциясы да өтіп жатыр. 21 қараша күні басталған жоба 15 желтоқсанда өз соңына жетеді. Акция аясында түрлі мерекелік, концерттерн, спорттық шаралар, рухани кештер және өзге де іс-шаралар өтіп жатыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші