ОҚО-да мұқтаж жандарға тегін көмір таратылуда - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

ОҚО-да мұқтаж жандарға тегін көмір таратылуда

10.11.2016 11:26
ОҚО-да мұқтаж жандарға тегін көмір таратылуда

Қазан айынан бастап «Шұғыла» қоғамдық қорының Шымкент қалалық филиалы әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларға тегiн көмiр үлестiре бастады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Жанұяға жылу сыйла» акциясы қолға алынып, оның аясында 350 отбасыға 2 тоннадан көмiр таратылуда. Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» басылымы хабарлады.

Алдымен Арыс қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларға 280 тонна көмiр тарту еткен «шұғылалықтар» қазан айының екінші жартысында қайырымдылық шарасын Шымкент қаласында жалғастырды.

«Шұғыла» қоғамдық қоры Шымкент филиалының директоры Нұржан Исатаевтың айтуынша, алдымен сауалнама арқылы әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларды анықтау жұмыстары жүргiзiлген. Содан кейін ғана нағыз мұқтаж жандардың тізімі жасалып, сол бойынша жұмыстар жүргізіліпті.

– Бiздiң қорға Екiбастұздағы «Гамма» ЖШС көмектестi. Олар 700 тонна көмiр бердi. Он вагонмен жеткiздiк. Сондай-ақ, оны әрбiр мұқтаж отбасының үйiне жеткiзуге де қаражат керек. Бұл қаржыны облыстағы жаны жомарт жандар мен ерiктiлер тауып бердi. Демеушiлерге алғысымыз шексiз. Бүгiнде 420 тонна қатты отын Шымкенттегi отбасыларға таратылуда, – дейдi ол.

Қыс қарсаңында отынмен қамтылған тұрғындар «Шұғыла» қоғамдық қорының өкiлдерiне ризашылықтарын бiлдiрдi. Облыс орталығы Шымкенттің өзінде әліге дейін көмір жағып, үй жылытатын жандардың көп екенін ескерсек, қайырымдылық акциясы мыңдаған жанның алғысын алғанын түсінуге болады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші