Әлеумет - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Әлеумет

7 баланың анасы, "Алтын алқа" иесі көкшетаулық Людмила Жанженова далада қалуы әбден мүмкін. Отбасындағы ең кішкентай баланың жасы 8-де болса, ең үлкені 14-те.

Оңтүстік Қазақстан облысында биылдың өзінде жүздеген шағын жанармай құю бекеті жабылып қалуы әбден мүмкін. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы мәлімдеп отыр.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, оның ішінде Бірғаным Әйтімова жетекшілік ететін әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеттің мүшелерімен кездесті.

"Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында осыдан бір жыл бұрын салынып, пайдалануға берілген Ақтаудағы көпқабатты үйдің қабрғалары жарылып, ылғалдан көгеріп кеткен. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлап отыр.

Павлодарда жер үйлердің тұрғындары полицейлерге өкпелі. Тәртіп сақшылары мұндағы зейнеткерлерге де мәжбүрлі түрде көшедегі қарды тазалатпақ көрінеді. Келіспеген жағдайда айыппұл төлейміз бе деген қорқыныштары тағы бар. Ал, аз ғана зейнетақыны әкімдіктің жұмысына төлеу олардың жоспарында болмаған.

Теріскейге оңтүстіктен бет алған ұлы көш қайтар жолдың қамына кірісті. Өйткені, жұмыс қолы тапшы Солтүстік Қазақстан облысына арнайы бағдарлама бойынша көшіп келген отбасылар осы уақытқа дейін не баспанамен, не жұмыспен қамтылмаған деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Тұрмысы төмендеп кеткен оларға теріскейдің 9 ай қысы да қинап тұр. Титықтаған жұрт енді буынып-түйініп елге оралайын десе, ол жақтағы ағайынның мазағына айналамыз деп алаңдайды.

Елімізде 17 тұрғын үй комбинаты жұмыс істегенімен, баспана бағасы арзандамай тұр. Нұрлы жол бағдарламасы бойынша салынған үйлердің де сапасын сын көтермейді деп жазады Хабар-24.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына үлкен жеңілдіктер жасалатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгіннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады.

Ұлын сотқа берген зейнеткер сотта ақыры жеңіп шығып, ай сайын 7 мың теңге төлемге қол жеткізіп отыр. Кәмия Мұқашева алғашында баласы Марбұланнан 20 мың теңгеден аса алимент талап еткен. Бірақ тараптарды тыңдаған сот, алимент көлемін үш есе қысқартыпты деп жазады КТК.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші