Бүгінгі сөз - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 500 сынып тәжірибе ретінде ағылшын тілінде оқуға көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп жазады Азаттық.

Қазақстанның қоғам белсенділері Қарағандыдағы 5-арна басшыларын заң аясында жазалауды талап етіп отыр. Себеп - телеарна өз эфирінен Украинаның Донбасс қаласында болып жатқан әскери қақтығысты, атап айтқанда, соғысып жатқан ресейшіл тарапты насихаттайтын деректі фильмді көрсеткен.

Былтыр ғана құрылған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басшысы 1,7 миллион теңге жалақы алатын көрінеді. Бұл туралы кеше "Хабар" телеарнасында өткен дебат барысында танымал экономист Рахым Ошақбаев мәлімдеді.

Петропавл қаласының прокуратурасы ажырасу деректерін қысқарту үшін алдын алу шараларын қолға алуда. Құзырлы орган мамандары бүгінде ажырасудың негізгі себептерін талдап, оны болдырмаудың амалдарын қарастыруда. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»

Елбасы жолдауынан

Қазақ фильмдерінде қазақ қыздарының жалаңаштануы, сондай-ақ, ондағы эротикалық көріністер жиілеп барады. Ал, ұлттың мәдени және рухани құндылықтарының сақталуына жауапты негізгі ведомстволардың бірі саналатын Мәдениет және спорт министрлігі әдеттегідей үнсіз. Шымкенттік танымал блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек осылай деп дабыл қағып отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысында ерегісіп, жаға жыртысуға дейін барған мешіттің бас имамы мен наиб-имамын қызметтерінен қуды. Олар дін қызметкерінің этикасын бұзды деп айыпталды. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2013 жылы көлігімен алты бірей адамды қағып, оның біреуін өлтірген Мақсат Үсеновті танымайтын жан елімізде кемде-кем. Осыншама «ауыр қылмыс» жасағанына қарамастан Қазақстанның заңы «байдың баласын» түрмеге жаба алған жоқ. Тек жүргізуші куәлігінен бірнеше жылға айырып қана қоя салған еді. Мақсат Үсенов соттың бұл шешіміне де «түкіріп», бірнеше айдан кейін көлігімен тағы бір жол апатын жасады. Ол кезде де Қазақстанның заңы «байдың баласына» айыппұл төлетуден әрі аса алған жоқ. Артынша әкесі Қажымұрат Үсенов ЭКСПО-2017 көрмесіне бөлінген қаражатты жымқырды деп ұсталды. Қылмысы дәлелденсе де сот оған ең жеңіл жаза беріп, қамаудан бас тартты.

«Қазақстан барысы» қорының төрағасы, қоғам қайраткері Арман Шораев «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының экс-президенті Василий Нидің жазасыз қалғанына наразылығын білдіріп, еліміздің Бас прокуроры Жақып Асановқа үндеу жолдады.

Елімізде былтырдан бері салафизм ағымына заң жүзінде тыйым салу мәселесі қоғам тарапынан көтерілгенімен, Парламент депутаттары оны әлі талқылаған жоқ. Талқыламауы да мүмкін. Өйткені, былтыр Сыртқы істер министрі болған Ерлан Ыдырысов салафизмге тыйым салсақ, араб елдерімен қарым-қатынасқа зиян келуі мүмкін екенін болжаған еді.

Страница 1 из 28

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші