13.07.2017, 11:22

Петропавлда соңғы 2 жылда ажырасқандар саны 2 есеге артқан

Петропавл қаласының прокуратурасы ажырасу деректерін қысқарту үшін алдын алу шараларын қолға алуда. Құзырлы орган мамандары бүгінде ажырасудың негізгі себептерін талдап, оны болдырмаудың амалдарын қарастыруда. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы екі жылда қаладағы ажырасу фактілері екі есеге дейін артып кеткен. Мәселен, 2015 жылы 1052 жұп ажырасса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2034-ке бір-ақ жетіпті. Ал, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 407 ерлі-зайыпты сот арқылы некелерін бұзған.

«Статистиканы көргендеріңіздей, ажырасу деректері екі есеге дейін артып отыр. Көп жағдайда балалар жартылай жетім қалуда. Салдарынан алимент төлейтін ер азаматтардың да саны артты. Яғни, бір проблемадан бірнеше проблема туындап отыр. Осындай жайттарды болдырмау мақсатында қазір медиативті шараларды қолға алып жатырмыз, ерлі-зайыптылардың сотқа арыз түсіргеніне дейін олармен жұмыс істеп, татуластыру жақтарын қарастырамыз», - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

Бүгінде Петропавлде жас отбасы клубы құрылып, жұмысын жүргізіп келеді. Ол ажырасуға ниеттеніп жүрген жас отбасыларға психологиялық көмек көрсетіп, ақыл-кеңес береді. 2017 жылдың алғашқы 6 айында 35 жұпты ажырасудан сақтап қалған мамандар өз жұмыстарының нәтиже беріп отырғанын айтуда.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.