$ 449.58  486.94  4.86

Биыл елімізде 500 сынып тәжірибе ретінде ағылшыншаға көшеді

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 500 сынып тәжірибе ретінде ағылшын тілінде оқуға көшеді. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп жазады Азаттық.

Министрдің айтуынша, бұл эксперимент оқушылар мен ата-аналардың келісімімен жүреді.

"Жыл бойы ағылшын тілінде оқитын сыныптарды бақылауда ұстаймыз. Осы эксперимент нәтижесінде келесі жылы үш тілде оқыту процесін қоғамда талқылаймыз" деді министр.

Министрліктің дерегінше, қазір 12 мың мұғалім ағылшын тілі курсына жазылған. Қазір төрт мың мұғалім тіл курсын бастаған. Қалғандары тіл оқуды қыркүйекте бастайды. Курс үш айдан тоғыз айға созылады. Тілі курсын оқыған мұғалімдердің жалақысы өсіп, ағылшын тілінде сабақ бере бастайды.

Білім және ғылым министрлігі 2015 Қазақстан мектептерінде математика, география, физика сынды техникалық-жаратылыстану бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды ұсынған. Бірақ қоғамдағы қарсылықтан кейін министрлік бұл ұсыныстың орындалуын кейінге қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары