12.08.2017, 20:55

Ерлан Сағадиев гранттан қағылған талапкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді

Kursiv.kz

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижесіне көңілі толмаған талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесті деп мәлімдеді Хабар-24. Наразы топ министрлік ғимаратының алдында акция ұйымдастырған болатын.

Министр жастардың талаптарын тыңдап болған соң әрбірінің шағымын жеке қарап шығуға уәде берді.

- Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Дегенмен, барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз, - деді Сағадиев.

Айта кетейік, 11 тамыздан бері мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижесіне көңілі толмаған талапкерлер мен ата-аналар БҒМ ғимаратының алдын торуылдаумен болды. Олар ЖОО гранттарының әділ бөлінбегенін айтуда. Тіпті, шектік балл жинай алмаған талапкерлердің өздері грант иемденіп кетті дейді олар. Сондай-ақ, осыдан бірер ай бұрын Сағадиевтің өзі биылдан бастап «Алтын белгі» иегерлеріне ешқандай артықшылықтардың берілмейтін айтқан болатын. Алайда, министрдің бұл сөзі де жалған боп шықты дейді наразы топ. Салдарынан 120 балл және одан жоғары жинаған білімді түлектер гранттан қағылған.

Ал, БҒМ өкілдері болса «Алтын белгі» иегерлеріне биылдан емес, келесі жылдан бастап ешқандай басымдықтың берілмейтінін айтып отыр. Алайда, бұл сөзге қаншалықты сенуге болатынын уақыт көрсетеді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.