$ 447.4  477.55  4.76

Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығады

Еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов биыл 21 қыркүйек күні түрмеден босатылатын болды. Оның түрмеге қамау жазасы бостандығын шектеу жазасына алмастырылмақ деп жазады Today.kz сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап.

Ақпараттық агенттіктің хабарлауынша, Ахметов 4 жыл 26 күн жазасын өз үйінде өткізеді. Вице-премьер Қарағанды қаласындағы үйінде тіркелген. Түрмеден шыққаннан кейін де дәл осы үйінде өмір сүруі тиіс.

"21 қыркүйекте шешім заңды күшіне енеді. Мұнан кейін ол қамаудан босайды. Неге дейсіздер ме? Серік Ахметов АК 159/18 түрмесінде өзін тек жақсы қырынан ғана көрсете білді. Мемлекетке келтірілген шығынды да толықтай өтеді", - дейді порталдың сенімді дереккөзі.

Ахметов түрмеде 4 рет грамота алып, үлгілі тәртібі үшін марапатталған.

Еске салайық, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсан айында 10 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүлкі тәркіленді. Оған мемлекеттің қаражатын талан-таражға салды, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысты, қызметін асыра пайдаланды деген айыптар тағылған болатын. 2016 жылдың наурызында Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы экс-премьердің жазасын 8 жылға дейін қысқартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары