Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

18.10.2017, 11:56

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

ic24.kz

Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті, 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3%-ті құрады деп жазады «ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған.

Азаматтық ахуалды тіркеу органдарының берген мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 257,5 сәби дүниеге келгені анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ке аз. 1 мың адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті 21,45-ті құрайды.

Республика халқының табиғи өсімі осы кезеңде 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 17,3 мың адамға немесе 9,3%-ке қысқарып, 169,4 мың адамды көрсетті. Халық санының табиғи өсу коэффициенті 1 адамға шаққанда 14,11 адам болды.

Осы есепті кезеңде 88,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2016 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткіштен 0,8%-ке аз деген сөз. 1 мың адамға шаққандағы жалпы өлім коэффициенті 7,34-ті құрады.

2017 жылдың қаңтар-тамызында республикада 1 жасқа дейінгі балалардың 2140 өлімі тіркелді, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ке қысқарған.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика