Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


09.11.2017, 15:41

Блогер: Әлі бекітілмеген латын әліпбиінің конверторына 80 миллион теңге бөлу – қылмыс

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кириллицаны латыншаға көшіретін сайт жасауға 56 миллион теңге бөлеміз деуі қоғамда айтарлықтай шу туғызды. Отандық IT-мамандары мұндай сайт жасау үшін әрі кетсе 1-2 миллион теңге шығын кететінін айтып, министрден мұндай бассыздыққа бармауын сұрап отыр. Тіпті, қажет болған жағдайда мұндай конверторды тегін-ақ жасап беруге әзірміз дейді олар.

Есте болса, осыдан бірнеше күн бұрын министрі Мұхамедиұлы журналистермен болған әңгіме барысында аталған сайтты жасауға және авторлық құқықты сақтауға 56 миллион теңгедей қаражат бөлдіретінін айтқан болатын. Бірақ, күні кеше бұл соманың 80 миллион теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін екені тағы айтылды.

Шымкенттік заңгер, танымал блогер Айгүл Орынбек болса әлі нақты бекітілмеген латын әліпбиі үшін 80 миллион теңге бөлуді үлкен қылмыс дейді.

"Елге белгілі программист Аршат Ораз жəне басқа да жігіттеріміз тегін жұмыс істеп жүр. Латын әліпбиі үшін өздерінің нұсқаларын тегін ұсынуда, неге осы ұсыныстарды қабылдамасқа? Əлі толық қабылданбаған әліпбиді насихаттауға неге осыншама көп ақшаны жерге шашып жатсыздар? Бұл деген үлкен қылмыс қой! Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінінен осы мəселені қатаң тексеруді сұраймын. Тегін жасауға болатын дүниені қаржы құртып керегі жоқ", - деп жазды Айгүл орынбек Арыстанбек Мұхамедиұлына жолдаған сауалына.

Айта кетейік, қазан айының соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Енді 2025 жылға дейін ана тіліміз кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшеді. Алайда, билік қабылдаған әліпбидің соңғы нұсқасын көпшілік қауым қолдамай отыр. IT-мамандары да апострофты әліпбимен болашақта үлкен проблемалардың туындайтынын айтып, өзге нұсқаны қабылдауды ұсынуда. Өз кезегінде Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың пікірін ескеру керектігін айтып отыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.