$ 444.32  473.33  4.76

Астана әкімдігі тұрғындарға қазақ тілін үйрету үшін 20 млн теңге бөлді

Астана қаласының әкімдігі келесі жылы қазақ тілін үйрету курстары үшін 20 млн теңге қаржы қарастырып отыр. Бұл туралы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мәлімдеді. 

Аталған басқарма жыл басынан бері елордадағы сауда нүктелері мен мемлекеттік органдарға тіл заңнамасының сақталуына байланысты 120 рет рейд ұйымдастырып, түрлі байқаулар мен семинарлар өткізген. 

«Өткен жылы 1500 адам қазақ тілін үйренетін мектепке жазылды. Биыл да 1500 адам жазылды. Оған бізде 20 млн теңге қаралған. Оны байқаулар өткізуге береміз. Біреуі 10 млн ұтып алуы мүмкін. Біреуі 12, енді біреуі 8 млн ұтып алуы мүмкін. Сөйтіп, өздері оқытады», – дейді қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышғашбаев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары