$ 448.15  483.46  4.86

Турсен Алагузов Баянның душтан шыққан жартылай жалаңаш фонында елді жаңа жылмен құттықтады (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагузованың (Мақсатқызы) душтан шомылып шыққан сәтін пайдаланған оның күйеуі Турсенгали Алагузов бейнекамера алдында елді жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Артқы фонда жартылай жалаңаш тұрып, сыланып-сипанған Баянды көрген Instagram қолданушылары болса ерлі-зайыптыларды сынап тастады.

"Құрметті достар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ең алдымен сіздерге зор денсаулық тілеймін. Жаңа жылдық дастарxандарыңыз толы болсын. Ертеңіне бастарыңыз ауырмас үшін көп ішпеңіздер. Армандарыңыз орындалсын. 2018 жылы үй алмағандар - үй, көлігі жоқтар - көлік алсын, бойдақтар - үйленсін, араздасқандар - татулассын. Еліміздің экономикасы жақсарсын!", - деді Алагузов өз құттықтауында.

Ал, желі қолданушыларының басым көпшілігі Баянның күйеуінің бұл қылығына ашуланып, кейбірі тіпті видеоны өшіруін талап етіп пікір қалдырды.

"Тұрсын, сізді ақылды, ар-намысты еркек деп ойлап едім. Сіз xалықты құттықтаудың орнына жартылай жалаңаш әйеліңізді жарнамалап кеттіңіз", "Ұят емес пе. Өшіріп тастаңызшы мына постыңызды", - деп пікір жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, ерлі-зайыптылар жуырда ғана некелескен болатын. Оған дейін екеуі көңілдес болғандарын жасырмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары