$ 448.89  477.93  4.76

Рухани жаңғырамыз деп жүріп, рухани қаңғып кеттік – блогер

Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек сахна мәдениеті мен теларнадағы бағдарламалар жайлы сөз қозғады.

«Таланты жоқ жұлдыздар төрімізде, өнерлі жұлдыздарымыз шет елде бағы жанған заман болды. "Əу" деп ауыз ашқанның бəрі əнші, "беу" деп шешінгендердің бəрі əртіс болды ғой. Нағыз дарынды таланттар көрде, дарынсыздар төрде жүргені ешкімге құпия емес! Қазір «көке жəкең» билікте тіреп тұрса, сахнада тұрып «құсуға», телеарналарда жүріп «т...уға» болады. Рухани құндылықтар жоғалып, рухани жаңғыра алмай жүргеніміз сорлап! Бар жақсымызды бағаламай шет елге жібере берсек, мəдениетіміз өспек түгілі өшеді!», – деп бастады блогер әңгіменің ауанын.

Осы орайда заңгер министрлердің жұмысын сынап, Арыстанбек Мұхамедиұлын да бір кездері қыз намысын қорлады деп еске алды.

«Мəдениет министріміздің өзі қазақ қыздарын қорлаумен аты шықты. Ақпарат министрі жүр «Қалаулым» деген бағдарламаны көрмегенмін» деп! Сөйтіп отырып жанбай жүрген жұлдыздарға өкпелейміз! Оларға өкпелеудің қажеті жоқ. Осының бəрін талтаңдатып отырған министрлер! Халықтың алдында сайқымазақ болыңдар. Халық бізден ештеңе сұрамасын деген кейіп танытатын сияқты. Рухани жаңғырамыз деп жүріп, рухани қаңғып кеттік баяғыда!», – деді блогер өз жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары