29.01.2018, 18:14

Елімізде мектеп оқушыларының жұма намазға баруына заңмен тыйым салынбақ

Елімізде балалардың діни жоралғыларға қатысуына байланысты шектеу енгізілмек. Бұл туралы мәжілісте діни қызмет туралы жаңа заң жобасын таныстыру барысында дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Заң жобасының кейбiр нормаларына сәйкес, 16 жасқа толмаған балалар дiни ғибадатханада немесе мешiт болсын, шiркеу болсын немесе басқа дiни жоралғылар мен жиындарға ата-анасының біреуімен, кәмелетке толған жақын туысқанымен бірге бара алады", — деді Ермекбаев. Яғни, бұған дейін мектеп оқушылары сабақтан шығып әр жұмада мешітке кетіп қалса, енді тек ата-анасымен және сабақтан тыс уақытта ғана құлшылық етуге мешітке бара алады.

Министр, бұдан бөлек, мектепте хиджаб немесе орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

"Мектепте хиджаб немесе орамал тағып жүру — бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретiндегi мәселе. Өйткенi министрдiң бұйрығына сәйкес, мектепте балалар арасында кез келген алауыздықты тудыратын мәселе — қымбат бұйымдар, қысқа көйлектер, оның iшiнде дiни белгiлер де бар. Сондықтан, бұл мәселе "Бiлiм беру туралы" заңда және бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығында өте анық жазылған. Ал қазiргi заң жобасында бұндай норма жоқ.  Бiрақ, егер БҒМ осындай норма енгiзуге бастама бiлдiрсе, бiз қарсы болмаймыз", — дедi министр журналистерге.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.