$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да оқушылар былай тұрсын, мұғалімдердің өздері мектепке хиджабпен келеді

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова Азаттыққа облыста діни сенімі бойынша мектепке орамал тағып баратын оқушылар мен бірге мұғалімдер де барын хабарлады.

15 ақпан күні облысы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген Ардақ Садықова қазіргі күні облыста 398 оқушы қыз мектепте орамал тартып жүргенін айтады.

- 2017 жылы діни сеніміне байланысты 597 оқушы қыз бен 28 мұғалім мектепке орамал тағып баратын. 2018 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша, орамал тағатын оқушылар саны 398-ге кеміді. Ал қазір орамал тағатын алты мұғалім қалды, - дейді ол.

Ардақ Садықова орамал тағатын оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу тәртібі белгіленгенін жеткізді. Бүгін де жекелеген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу үшін 130 құжат жасалған.

Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың пікірінше, мектеп оқушыларына қойылатын талап орындалуы керек. «Мектеп – мемлекеттік мекеме. Қазақстанда мемлекет діннен бөлек. Заңда бекітілген мектеп формасы бар, соны сақтауға міндеттіміз» деді ол Азаттыққа.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары