19.02.2018, 09:11

Атырауда сотталған салафит жігіт Дарын Мүбәровты тыңдамауға шақырды

Дарын Мүбәров Дарын Мүбәров

Атырауда діни экстремизм бабымен сотталған жас жігіт псевдосалафилік уағызшы Дарын Мүбәровтың уағыздарын тыңдамауға шақырды. Бұл туралы «Атырау» газетінің тілшілеріне «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы, дінтану магистрі Серікжан Еншібайұлы айтып берген. Ол жазасын өтеп отырған 1992 жылы туған атыраулық жас жігіттің тағдырымен жақсы таныс екенін, қазір дәстүрлі мәзһабқа оралғанын айтыпты.

Өзгеше ойлайтын жігіт діни сауатын бастапқыда мешіттен ашқан екен. Кейін әлеуметтік желілер арқылы түрлі діни топтарға қосылып, уағыздарды тыңдай бастайды. Осылайша, ол әйелін, баласын алып, Ресей арқылы Сирия шекарасына өту туралы шешім қабылдайды.

Серікжан Еншібайұлы, теолог:
«Кейіпкеріміз кезінде Атырау қаласына қарасты Геолог елді мекеніндегі өзгеше ойлайтын топтың ішіндегі лидерлердің қатарында болған. Түрлі уағыздарға әбден уланған олар уақыт өте келе мешітке келуді де доғарады. Себебі, олар мешіт имамдары бидғатшы, яғни, дінге жаңалық енгізушілер деген пікірде болған. Осылайша, үйді-үйге жиналып, өзара диалог құру кезінде бұл жігіт бірнеше адамды Сирияға кетуге үгіттеген. Базардың төңірегінде жүріп, біраз ақша жинаған жігіт Сирияға аттанып бара жатқан жерінен ұсталды. Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол дер кезінде теологтарды тыңдамағанына өкінеді. "Бар арманымыз Сирияға аттану болды. Ол кезде баланы да, әке-шешені де, отбасымызды да ойлаған жоқпыз. Сондықтан, Саид Бурятский, Дарын Мубаров сияқты жалған ұстаздарды тыңдамауға шақырамын" дейді жігіттің өзі».

Әңгіме барысында теолог салафи ағымына да талдау жасапты. Оның айтуныша, бұл ағымға ергендердің өзі төрт санатқа бөлінеді: радикалдар «джиһад», «такфир» ағымын берік ұстанады. Олардың ойынша, мемлекет - ширк. «Байсалды салафилер» мемлекетті мойындайды, имамға қарсы келмейді.

«Атырауда қазір осындай радикалды бағыттағы үш-төрт топ бар. Оның әрқайсысына шамамен жиырма адамнан мүше. Сонда біз оларды шартты түрде жүз адам деп алып қарастыратын болсақ, оңалту процесінде негізгі күшті олардың лидерлеріне арнағанымыз тиімді» дейді ол.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.