$ 445.66  474.58  4.78

«7 жасар баланың ісін жауып тастамақшы»: Заңгер сот-медициналық сараптамаға сенбейтінін айтты

ОҚО Абай ауылында зорландым деген 7 жасар баланың қорғаушысы Бауыржан Азанов аталған іспен айналысып жатқан сарапшыларға сенбейтінін және өзін осы істен шеттетіп жатқаны туралы айтты деп жазады «NewTimes.kz».

«Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауылындағы баланың айтқандарының бәріне сенемін. Мұндайды кішкентай баланың ойынан құрастырып алуы екіталай. Енді істің өзі туралы айтар болсам, сарапшылардың шешуі тиіс сауалдарға менің күмәнім бар. Олар өте кәсіби тұрғыда ойластырылған. Бір қарағанда бұл сауалдарды құрастырған заңгер емес, тергеуші емес, тіпті прокурор да емес. Сондықтан мен 7 жасар баланың ісімен айналысып жатқан мемлекеттік сот-медициналық сарапшыларға мен сене алмаймын. Көп мәселені жаза алмаймын. Бірақ, мемлекеттік сарапшылар мен өзге де тұлғаларға сенімздік тудыратын себептер бар», — деп жазды Азанов өзінің Facebook-парақшасында.

Оның ойынша, органдар аталған істі мүлдем жылы жауып тастауы мүмкін.

«Қазір мен көп адамға ұнамаймын. Мен бірақ, жұрттың бәріне ұнай беретін доллар емеспін ғой. Қазір енді мені бұл істен шеттету үшін баланың туыстарын араға салып жатыр. Бірақ, мен үшін шындық пен ақиқат бәрінен артық», — деп сөзін түйді Бауыржан Азанов.

Еске салайық, ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылының зейнеткер тұрғыны осыдан 1 айдай бұрын журналистерге шағымданып, 7 жасар немересін жоғары сыныптың оқушылары зорлап келгенін айтқан болатын. Әйелдің сөзінше, оның полицияға жазған арызы да, мектеп басшыларына жазға шағымы да, тіпті прокуратураға жазған арызы да қараусыз қалған көрінеді. Ал, мектеп басшылары болса істі жауып тастау үшін қолдарынан келгендерін жасап жатыр дейді зейнеткер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары