11.05.2018, 11:25

«Ұлттық арнам, ұсақталмашы!» Отандық журналист QAZAQSTAN арнасын сынға алды

Отандық журналист Айнұр Қалдарбекова QAZAQSTAN телеарнасындағы таңғы-ақпараттық «Таңшолпан» бағдарламасын сынға алды. Оның айтуынша, таңғы бағдарлама шоу-бизнес өкілдерінің жеке басындағы проблемасын қозғай бастапты.

Таңғы бағдарлама кезінде Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова танымал біреуден ақшасын ала алмай жүргенін айтады. Тіпті, тікелей эфирді пайдаланып, егер ол адам қарызын қайтармаса, атын айтып, жұртқа әшкерелейтінін жеткізген. Таңғы-ақпараттық бағдарламадан мұндай көремін деп күтпеген журналист Ұлттық арнаны ұсақталмауға шақырды.

«Жұлдызды жаңалықтар айдары болса керек, журналист соңғы жаңалықтардан хабар беріп жатыр. Гүлнұрдың бауырсақ пісіргені және оның "тың" идея екенін айтып келіп, әңгімені Тұрсынбектің Мөлдірімен өрбітті. Шай дайындап жүріп, бас жағын естімей қалыппын (қап!), қысқаша былай: "... өте танымал адам ауыз толтырып айтатындай қомақты ақша алды да, сонысын мойындамай жүр.... керек болса, алдағы уақытта аты-жөнін толық айтамын сіздерге", - деді. Оразымбетованың тікелей эфирге тікелей қатысы барын білгендіктен, оның "бауырсағын жеп қойдық". Ал,мынау не? Қашаннан бері біреудің біреуге аласы-бересі, қарызы мемлекеттік маңызды мәселеге айналған? Елдің ішкі не сыртқы қарызы ма еді ол? Әлде тв арқылы көрсеткен дөң-айбаты ма?», - деп жазады жуналист өзінің Facebook-парақшасында.

Журналист сондай-ақ, Ұлттық арнаның біреудің жеке бас мәселесін қозғайтындай коммерциялық телеарна емес екенін айтқан. Ол арна басшылығынан ендігіде эфирді қадағалауды сұрады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.