$ 449.58  486.94  4.86

Елге турист тарта алмай жатқанда Ясауи кесенесі шетелдіктерге кіру билетін екі жарым есеге қымбаттатты

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру шетелдіктер үшін 2,5 есеге қымбаттап отыр. Қазақстан азаматтары үшін билет - 200 теңге, шетелдіктер үшін - 500 теңге деп жазады Otyrar.kz.

Иә, шетел азаматтары үшін бұл үлкен қаражат емес екені анық. Десе де, екі түрлі бағаны көретін туристер әжептеуір шамданып қалады екен. Бұл туралы туризммен айналысатын шымкенттік әйел әлеуметтік желіге жазды. Ол АҚШ-тан келген саяхатшыларды Түркістанға апарып, кесенені көрсетпек болған екен. Шетелдік туристер үшін бағаның қымбатырақ екенін көрген америкалықтар мұның себебін кассирден сұрапты. Билет сатушысы мардымды жауап бере алмай, «бағалар сондай» деп қысқа қайырған екен.

Бұл жайтқа қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер айтып жатыр. Бірі мұны әлемдік тәжірибеде бар құбылыс десе, өзгелері адамдарды алалау немесе бөліп-жарып қарау дегенді айтуда.

Есте болса 2016 жылға дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру тегін болатын. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап Мәдениет министрлігі оны ақылы етті. Бұл өз кезегінде қоғамда қызу пікірталас туғызды. Тіпті, министрді өлілерден ақша істеп отыр деп айыптағандар да табылған еді.

билет

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары