$ 498.34  519.72  4.85

«Гомосектер мен зоофилдердің ұрпағы»: мемлекеттік компания өкілі оңтүстік халқын айыптады

«Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Константин Горожанкиннің Facebook әлеуметтік желісінде жазған пікірі қоғамның ашуын туғызды. Ол өз жазбасында педофилдік – оңтүстік халқының генінде бар қасиет екенін меңзегендей.

Түсінікті болу үшін айта кетейік, Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы зорланды деген 7 жасар баланың ісіне қатысты үш жеткіншектің жауапкершіліктен босағаны айтылғаннан кейін, әлеуметтік желі қолданушылары кінәлілерді іздей бастаған. Яғни, балалардың мұндай азғындыққа баруына не себеп болғанын жұрттар жарыса жазып жатты. Ал, Kondrat Arcanov есімді желі қолданушысы: «жемқорлық пен рушылдықтың өршуі түсінікті, бірақ ол жақтағы жастардың арасында гомосексуализмнің осыншама өршуіне не себеп?» деген сауал тастаған болатын. Оның сауалына «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Константин Горожанкин жауап берген.

«Бұл генге байланысты. 19 ғасырда Қазақстанда болған саяхатшылардың жазбаларында жергілікті тұрғындардың малмен жыныстық қатынасқа түсетіні және гомосексуалдық қатынастары туралы көп айтылған», - дейді Горожанкин.

Фото Руслана Тусупбекова.

Оның осынау пікірі желі қолданушыларының ашуын туғызды. Әсіресе оңтүстікқазақстандықтар Горожанкиннің үстінен құқық қорғау органдарына арыз жазамыз деп бекініп отыр. Оны ұлтаралық жанжал туғызды деп айыптауда.

Ал, «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов болса «бұл Константиннің жеке пікірі, біздің компанияның ұстанымы емес» деп ақталғандай болды.

«Константин Горожанкиннің пікірі оның жеке көзқарасы, бұл – Qazcontent компаниясының ұстанымын білдірмейді. Қазіргі уақытта бүкіл мән-жай анықталуда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай әрекет жасайтын боламыз», - деп жазды Кочетов өзінің Facebook-парақшасында.

Заңгер Руслан Түсіпбеков болса өзге пікірде. Ол «Қазконтент» компаниясы мемлекеттің ақшасына «күн көріп», мемлекеттік идеологиямен айналысып отырғандықтан, өз қызметкерлерінің әрекетіне жауап беруі тиіс деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары