05.09.2018, 11:38

Ленин әлі тұр, ал Қостанай облысында қазақ батырына арналған алып ескерткіш сүрілді (ВИДЕО)

Қостанай облысы Қарабалық ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қойылған қазақ батырының алып ескерткіші сүрілді. Бұл туралы Мәжілістің экс-депутаты, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өзінің Facebook-парақшасында жазып, ескерткішті құлатып жатқан сәт түсірілген видеомен де бөлісті.

Әбенов аудан әкімдерінің мұндай шешіміне наразы. Өйткені, қойылғанына небәрі үш қана жыл болған ескерткішке кезінде қомақты қаражат жұмсалған екен. Ол ақшаны билік емес, халық өзі жинап берген. Енді әкімдік нысанды бұзып, орнына басқа ескерткіш салмақшы көрінеді.

«Қостанай облысында Қарабалық ауданында 2015 жылы ғана Қазақ хандығынын 550 жылдығына арнап жергілікті белсенді азаматтар қаржы жинап құрған есекеркішті бұзуға шешім қабылдаған. Орнына басқасын салмақшы. Сонда 3 ақ жылда ескірді ме? Салғылары келсе жер жетпей ме? Бұндай ескерткіш Қарабалықта бұрын болмаған, халық ерекше қуанып қарсы алған еді. Ал жұмсаған қаржыны қайтеміз? Тиімділік қайда?» - деп наразылығын білдірген Мұрат Әбенов мұны жаман ырымға теңеді.

Айтуынша, үстіне арқан тастап, халықтың көзінше, ел қорғаған батырларымыздың ескерткішін жерге жығу жақсылықтың нышаны емес. Егер әкімдік басқа ескерткіш тұрғызғысы келсе Қарабалық ауданында оны орнататын жер жеткілікті еді дейді экс-депутат.

«Батырларға ниет қылып, аруақтарына тағзым етіп жасалған дүниені олай "мойынан" арқан байлап, трактормен жұрттын көзінше жерге құлату ойға сыймайтын қастандық», - деп жазды ол.

Осы ретте айта кету керек, қылышынан қан тамған «қызыл режимнің» көсемі Владимир Лениннің ескерткіштері Қазақстанның бірнеше қаласында әлі тұр. Қоғам белсенділері оларды сүру туралы бірнеше рет мәселе көтергенімен билік «Ленинмен қоштасуға» құлықсыздық танытып отыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.