25.09.2018, 11:16

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде оқулықтар балаларға 400 теңгеге жалға берілген

Түркістан облысы Төле би ауданының Шахта Тоғыз ауылындағы 8-мектепте «оқушыларға оқулықтарды жалға берген» кітапханашы жұмыстан босатылып, мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды. Бұл туралы Азаттыққа аудандық білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Қырбасов хабарлады.

Бас маманның айтуынша, «8-мектепте оқушыларға оқулықтарды жалға беріп жатыр» деген хабар түскеннен кейін аудандық білім бөлімі ішінара тексеру үшін арнайы комиссия құрған. 2-сыныпта оқитын 27 оқушының 12-сіне кітап жетпегені анықталған. Кітапханашы аудандағы Биболатұлы атындағы орта мектептен осы оқушыларға оқулық алып келіп, әрбірін 400 теңгеден жалға берген.

«Кітапханашы оқулықтарды алып келу үшін өз қалтасынан ақша шығарған. Содан кейін оқулықтарды жалға беретіні туралы айтқан. Бұл туралы мектеп директорына да, білім бөліміне де хабарламаған. Нәтижесінде кітапханашы жұмыстан босатылды, мектеп директоры Бауыржан Сүйлейменов пен оқулықтарды жалға беру туралы ата-аналарға айтқан сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылып, сөгіс жарияланды», - дейді Нұрлан Қырбасов.

Бұдан бұрын 8-мектеп оқушыларының ата-аналары мектепте әрбір оқулықты 400 теңгеден жалға беріп жатқанын айтып, шағымданған еді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.