$ 444.32  473.33  4.76

Астанада автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

27 қараша күні таңертең 6 бағытқа қатынайтын автобус жүргізушілері жалақыларын ала алмағаны үшін наразылықтарын білдірді.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

«Астана LRT» басшылығының мәліметінше, №4, №17, №22, №44, №50, №52 бағытына қатынайтын автобус жүргізушілері жалақыларын ала алмай, жұмысқа шықпайтындарын мәлімдеді. Басшылық «Автопарк» қызметкерлерімен бірден ортақ келісімге келіп, мәселені шешті», − дейді «Астана LRT» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Автопарк басшылығы жүргізушілерге 2 жұмыс күнінің ішінде жалақыларын төлеуге уәде еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары