$ 444.32  473.33  4.76

Түркістан: желіде жұмыс уақытында мейрамханада отырған прокуратура қызметкерлерінің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Instagram әлеуметтік желісінде  прокуратура қызметкерлерінің жұмыс уақытында тамақтануға келген сәті түсірілген видео тарап кетті.

Кадрда ер адам мейрамханада отырған 3 құқық қорғау қызметкерінің жанына келіп сәлемдеседі. Содан соң оларды сұрақ астына ала бастайды. 

«Жұмыс уақытда мейрамханада неге отырсыздар? Прокуратураға түскі ас сағат 12-де ме? Облыстық прокуратурада істейсіздер ғой?», - дейді автор. 

Желі қолданушыларының бірі «тамақтанғанда тұрған не бар» десе, енді бірі «жұмыс уақытында тек жұмыста болуы керек» дегенді алға тартады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары