$ 448.15  483.46  4.86

Сарыағашта 7 жасар баланың зорлығына көз жұма қараған полицейлер әлі қызметте – адвокат

Абай ауылында жасөспірімдер тарапынан зорлық көрген баланың қорғаушысы Құрманғазы Мүсір ел күтпеген мәлімдеме жасады деп жазады Nur.kz 31-телеарнаға сілтеме жасап.

Адвокаттың айтуынша, тіпті сот үкімінен кейін де өңірдегі жағдай өзгермеген.

Заңгер Абай ауылыныда болған оқиғаға көз жұма қараған полицейлер мен прокуратура қызметкерлері әлі де өз қызметінде жүргеніне шүйлікті. Оның пікірінше, бұл жағдай олардың балалар зорлығының адам сенгісіз фактілерін тағы да жасырып қалуға мүмкіндік бермек.

Құрманғазы Мүсір өз мәлімдемесін Алматыдағы баспасөз мәслихатында жасаған. Жиынға тәртіп сақшыларының қызметіне арыз-өтініші бар көптеген қорғаушылар қатысты.

"Елбасыға орын алып жатқан заңсыз әрекеттер мен біздің Абай аулының мемлекеттік қызметкерлерінің әрекетсіздігіне назар аударуыңызды сұраймын", - деді Мүсір.

Оның сөзінше, биліктегілер өз мәлімдемесінде жұмыстан кетеді деп айтқан азаматтар әлі өз қызметінде жүрген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары