$ 449.58  486.94  4.86

«Баспана мәселесін шешсін»: Шымкентте ондаған көпбалалы ана наразылыққа шықты

Шымкентте 12 наурызда түске қарай отыз шақты көп балалы ана мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ғимаратының алдында жиналды деп хабарлайды Азаттық.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесуді талап етіп тұрған олар «Бір сағаттың ішінде әкім келмесе Тәуке хан көшесін (Шымкенттегі орталық көшелердің бірі - ред) жабамыз!» деді. Наразылар арасында баласымен келгендер бар.

Аналар «әкімдікке қанша келсек те, мәселеміз шешіліп жатқан жоқ» деді. Олар баспана мәселесін шешуді, мүгедек балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны көбейтуді талап етеді.

Әкімдік пен прокуратура аналарды сол маңдағы ғимарат ішіне кіріп сөйлесуге шақырғанымен, наразылар келіскен жоқ.

Шымкентте көп балалы аналар бұған дейін де бірнеше рет қала әкімінің өздерімен кездесуін талап етіп жиналған.

25 ақпанда Шымкентте қала әкімдігіне ондаған көп балалы ана келіп, қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымовтың шығып, сұрақтарына жауап беруін талап еткен. Бірақ әкім кездесуге шықпаған. Әкімнің кездесуге неге келмегені айтылмаған.

Наразы аналардың бірі «баспана, мүгедек баласы бар көп балалы аналардың жайы сияқты бірнеше мәселені айтпақ едік» деді. Оның айтуынша, 16 ақпанда қала әкімдігінің қызметкерлері көп балалы аналардың арызын қабылдап алғанымен, еш нәтиже болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары