Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

15.04.2019, 16:13

Астана атын ауыстыруға қарсы шыққан 16 жастағы студентті оқудан шығарған: анасы ақталған министрдің сөзімен келіспейді

Жолымбет Мәкіштің Facebook парақшасынан алынды

22 наурызда Қазақстан астанасының атын «Нұр-Сұлтан» деп өзгеруіне «қарсылық білдірген соң оқуынан шығарылғаны» хабарланған 16 жастағы студент туралы білім министрі Күләш Шәмшидинова пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Азаттық.

Министрдің сөзінше, «баланы оқудан шығару туралы арызды ата-анасының өзі түсірген».

«Біз ол жайында екі күн бұрын естідік. Дамир деген жігіт. Оның мәселесін зерделеуді бастадық. Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, студенттің ата-аналары баласын алып кету туралы өтінішті өздері берген. Дегенмен, қазір біз өзіміз тексеріп жатырмыз. Егер оны заңсыз оқудан шығарса, заң бойынша тиісті шаралар қолданылады» дейді Шәмшидинова.

Бірақ оқудан шыққан баланың анасы Мира Жанұзақова министр сөзінің «шындыққа сай емесін» айтады.

«Жоқ. Олар сөйтіп алдап жатыр. Мектептің өзі екі ай оқытуға зорға алды. [Колледж әкімшілігі бізбен] сөйлескен жоқ, бірден шығарып жіберді. Қол қойдық. «Шығыңдар» деді. Өз баламды оқудан шығарып қайтем?» - деді анасы.

Қазақстан президенті қызметіне 20 наурызда кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған. Бірнеше күннен соң, 23 наурызда, жарлыққа қол қойды.

Ұсынысқа қазақстандықтар әртүрлі реакция танытты: жергілікті билік Қазақстан қалаларында Астана атауының өзгеруін қолдаған концерттер өткізді, ал әлеуметтік желіде түрлі белсенділер бұған қарсылық білдірген. Полиция 22 наурызда «Нұр-Сұлтан» атауына қарсы бірнеше тұрғынды ұстаған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.